Телевизиялық «Таңшолпан» жастар байқауына өтініштер қабылдау басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Телевизиялық «Таңшолпан» жастар байқауына өтініштер қабылдау басталды

11.10.2022
Телевизиялық «Таңшолпан» жастар байқауына өтініштер қабылдау басталды

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ақпараттық қолдауымен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Журналистика факультеті Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасы жазушы-публицист, өнертанушы, телевизия қайраткері Шерхан Мұртаза, Камал Смайыловтың 90 жылдығына және тележурналист, жазушы Сағат Әшімбаевтың 75 жылдығына, ҚР мәдениетіне еңбегі сіңген қайраткер, тележурналист Нұртілеу Иманғалиұлының 70 жылдығына орай «Таңшолпан» телевизиялық жастар байқауын жариялайды.

Конкурсқа жоғары оқу орындарының студенттері мен 30 жасқа дейінгі жас ғалымдар қатыса алады.

Байқаудың мақсаты - жоғары оқу орындарының студенттері түсіретін телефильмдер мен телебағдарламалар өндірісіне қолдау білдіру, телемамандар арасындағы мәдени және шығармашылық байланыстарды нығайту әрі дамыту, ұлттық телевизиялық мектептің жетістіктерін дәріптеу арқылы Қазақ телевизиясының қайраткерлері Шерхан Мұртаза, Камал Смайылов, Сағат Әшімбаев, Нұртілеу Иманғалиұлының есімін ұлықтау.

Байқауға 2022 жылы түсірілген қазақ тіліндегі авторлық шығармашылық жұмыстар қабылданады. Байқау жұмыстары 2022 жылдың 30 қарашасына дейін mediaschoolalmaty2020@gmail.com жолдануы тиіс.

Байқау аталымдары:

• Үздік бейне материал (Шерхан Мұртаза, Камал Смайылов, Сағат Әшімбаев, Нұртілеу Иманғалиұлы атындағы жүлде)

• Журналистік зерттеу жұмысы (Шерхан Мұртаза, Камал Смайылов, Сағат Әшімбаев, Нұртілеу Иманғалиұлы атындағы жүлде)

• Үздік мультимедиалық жоба (Шерхан Мұртаза, Камал Смайылов, Сағат Әшімбаев, Нұртілеу Иманғалиұлы атындағы жүлде)

Жеңімпаздарды ұйымдастырушылар мен арнайы құрылған комиссия анықтайды. Үздік шыққан жоба иегерлері қаржылай сыйлықтармен марапатталып, жұмыстар Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, «Қазақстан» РТРК» АҚ, «Хабар» АҚ және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ресми сайттарында жарияланады.



Хабарламаларға жазылу