Мейіржан Әлібекұлы «Jambyl» телеарнасының директоры болып тағайындалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мейіржан Әлібекұлы «Jambyl» телеарнасының директоры болып тағайындалды

12.07.2019
Мейіржан Әлібекұлы «Jambyl» телеарнасының директоры болып тағайындалды

Танымал тележурналист Мейіржан Әлібекұлы «Қазақстан» РТРК» АҚ Жамбыл облыстық филиалының директоры қызметіне тағайындалды.

Мейіржан Әлібекұлы 1984 жылы туған. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетінің түлегі. 

Алғашқы еңбек жолын «Atyraý» облыстық телеарнасынан бастады. Әр жылдары «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасының Ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар дирекциясында тілші-сарапшы, редактор-жүргізуші, Қазақстан Президентінің журналистік пул тілшісі, шеф-редактор, дирекция директорының орынбасары қызметтерін атқарды.

ҚР Президентінің БАҚ саласындағы сыйлығының иегері, ҚР Ақпарат саласының үздігі. «Халық сүйіктісі» ұлттық жүлдесінің лауреаты, «Нұр Сұңқар» байқауының жеңімпазы.

Хабарламаларға жазылу