«Сырғалымның жылаған сәттерін ойнау қиын болды»
Бүгін Ұлттық арнадан «Сырғалым» телехикаясының алғашқы бөлімі көрерменге жол тартады. Осыған орай сол туындыда басты рөлді сомдаған актриса Жұлдыз Маханова «Таңшолпанда» қонақта болды.
«Алғашқыда жетім қыздың рөліне кіру қиын болды. Әсіресе, жылаған кездерін ойнау қиынға соқты. Режиссердің айтқанымен көз алдыма елестете отырып, сол қыздың орнына өзімді қойып көрдім. Сол сәтте жас өзінен-өзі келе бастады. Өзім де жүрегі нәзік адаммын»,-дейді Жұлдыз.
Төрт айдың ішінде түсірілген фильмнің режиссері ресейлік Дмитрий Коробкин. Жұлдыз: «Ол қазір Ресейде тұрса да, Қазақстанда туған. Біздің елдің тарихынан, салт-дәстүрінен, күнделікті өмірінен хабары бар адам. Оған қоса, біздің актерлеріміз де қай жерде не істеу керек екенін айтып отырды. Кейде қазақ менталитетіне тән емес көріністер болды, біз оны қазақыландыруға тырыстық»,-дейді.
«Көрермендер телехикаяны тамашалай отырып, Сырғалымның бойынан қазақы тәрбиені көре алады».
«Сырғалым» телехикаясын бүгін Ұлттық арнадан 21.50-де көре аласыздар!
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары-2026»: Қатысушылардың алды Елордаға келді
25.07.2026, 20:07
Мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетілетін көмектің аясы кеңейіп келеді
25.07.2026, 20:06
Жұқпалы аурулардың 21 түріне қарсы вакцина егіледі
25.07.2026, 20:05
Маңғыстаудың жартасты мешіттері ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілді
25.07.2026, 20:05
Халық пікірі: Ата Заң – әділетті қоғам негізі
25.07.2026, 20:05
Саяси дода қыза түсті
25.07.2026, 20:04
Қазақстан мен Ресейдің көлік-логистикалық ынтымақтастығы стратегиялық сипатқа ие
25.07.2026, 20:04
Қазақстан – Ресей өңіраралық форумы
25.07.2026, 20:03