Головкин «Алтын глобус» киножүлдесін тапсыру кешінде голливудтық жұлдыздармен кездесті(ФОТО)
WBA және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин «Алтын глобус» киножүлдесін тапсыру рәсімінде болып, Голливудтың атақты актерлерімен танысты, деп хабарлайды Vesti.kz.
Марапаттау 13-ші қаңтар күні Беверли-хилзде өтті. Салтанатты шарадан соң Головкиннің промоутері Том Леффлер өзінің твиттердегі аккаунтында осы жиында түскен суреттерін жариялады.
Геннадий Головкин «Оскар» сыйлығының иегері Том Хэнкспен, Мэтт Дэймонмен және Майкл Дугласпен суретке түскен.



Бұдан басқа, Головкин боксшы Владимир Кличко мен оның қалыңдығы, америкалық актриса Хайден Панеттьеримен кездесті.


Естеріңізге сала кетсек, WBA және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин 1-ші ақпанда, Монте-Карлода ганалық Осуману Адамамен жекпе-жекке шығады. Бұл - қазақстандық боксшының 2014-ші жылғы бірінші кездесуі.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Қазақ өзін дәрменсіз емес, жасампаз ұлт ретінде сезінуі керек»
26.08.2026, 23:22
Әлем жаңалықтарына шолу
26.08.2026, 20:23
Шымкентте рұқсат етілмеген қоқыс орындары жойылды
26.08.2026, 20:14
Димаштың мексикалық жанкүйерлері ерекше акция өткізді
26.08.2026, 20:13
Зейнетақы жинағын көбейтудің жаңа жолы ұсынылды
26.08.2026, 20:11
Алатау қаласының инвестициялық әлеуеті 6,9 млрд долларға жетті
26.08.2026, 20:10
Президент: Мықты мұғалім – сапалы ұлттың тірегі
26.08.2026, 20:09
Әлемдік классика жауһарлары – қазақ сахнасында
26.08.2026, 20:09