«Қазақ өзін дәрменсіз емес, жасампаз ұлт ретінде сезінуі керек»
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ аға оқытушысы, білім беру мазмұны бойынша сарапшы Руслан Қаратабанов Президенттің «ұдайы жапа шеккен ұлт кейпінен арылуымыз керек» деген ойына қатысты пікір білдірді.
«Президенттің бұл ойын қолдаймын. Құндылықтарды дарыту методикасында нарратив және идеологема деген бар. Балаларға қандай ойды айтасың, балалар сол оймен жүріп кетеді. Егер де «Қайран қазақ, қайран қазақ» деп айта берсек, біз өзімізді дәрменсіз, мүшкіл сезінеміз. Ал егер «сен жасампазсың, Алаштың жасампаздары арыстандай айбатты болған» деген секілді дұрыс идеологема, нарратив беретін болсақ, дұрыс рөлдік модельдерді таңдай білсек, халқымыз шынында жасампаз, позитивті алға басатын халықтар қатарында жүреді», - дейді сарапшы.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы«Бәйтерек» холдингі 2027 жылы экономиканы қолдауға 8 трлн теңге бағыттайды
27.11.2026, 20:06
Қазақстанның төрағалығы кезінде Арал қорына $170 млнға жуық қаржы тартылды
27.11.2026, 20:05
Халық пікірі: «Халықтық құрылыс» – өңір дамуының өзегі
27.11.2026, 20:04
Астанада боран соғып, тұман түседі
27.11.2026, 20:04
Энергетикалық сусындардың сатылымы екі жылда 65%-ға өсті
27.11.2026, 20:03
Қасым-Жомарт Тоқаев Мысыр президентіне көңіл айтты
27.11.2026, 20:03