Зейнетақы жинағын көбейтудің жаңа жолы ұсынылды
Самал Қабышева, тілші:
Зейнетақы қорындағы ақшаны көбейтемін, зейнетке жақсы табыспен шығамын десеңіз, бұл ақпарат сізге маңызды. Қыркүйектен бастап қазақстандықтар зейнетақы жинағын жеке басқарушы компанияларға өздері таңдап, бере алады. Бірақ бұл - міндетті емес, әркім өзі шешеді. Ақшаңызды Зейнетақы қорында қалдырғыңыз келсе, сол жерде сақтала береді. Ал жеке компанияға бергіңіз келсе, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының жеке кабинеті арқылы онлайн өтінім беруге немесе қор бөлімшесіне жүгінуге болады. Басқарушы компаниялардың тізімі бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының ресми сайтында тұр. Сол парақшаға кіріп, invest.enpf.kz деген батырманы басасыз, ол жерден қазіргі ұлттық банктен бастап, 6 компанияның барлық табысын көріп, салыстыру үшін «ИПБ салыстыру» деген батырманы басасыз. Яғни, компаниялардың инвестициялық табысын салыстыра аласыз. Мысалы, 7 миллион теңге бір жылда 20 пайыз табыс әкелсе, жинақ шамамен 8 миллион 400 мың теңге болуы мүмкін. Бірақ бұл – тек мысал. Нақты табысқа кепілдік жоқ. Кімге тиімді? Сарапшылардың пікірінше, зейнетке шығуына әлі көп жыл қалған, нарықтағы өзгерістерге төтеп бере алатын азаматтар үшін бұл мүмкіндік қызықты болуы мүмкін. Ал зейнет жасына жақын адамдар үшін тұрақтылық маңызды.Тағы бір маңызды жайт – басқарушы компанияны мұқият таңдау керек. Оның лицензиясына, бұрынғы табысына, инвестициялық стратегиясына және тәуекел деңгейіне қараған жөн. Ал компания банкрот болса да, зейнетақы активтері оның қарызын өтеуге жұмсалмайды – жинақ салымшының қаражаты ретінде сақталады.
Айдын Дәулетбақ, ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің бағалы қағаздар нарығы департаменті директорының орынбасары:
Басқарушы компания банкрот болған жағдайда, бұл активтер оның мүліктік массасына қосылмайды. Яғни зейнетақы жинақтары басқарушының кредиторлар алдындағы міндеттемелерін өтеуге бағытталмайды және толық көлемде салымшыда сақталады.
Самал Қабышева, тілші:
Тағы бір маңызды мәселе, ақшаңызды жеке компания басқарғанымен, қаражат оның өз шотына берілмейді. Ол БЖЗҚ-да сақталады. Ең бастысы – бұл ақшаны қазір қолма-қол шешіп ала алмайсыз.
Автор
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Әлем жаңалықтарына шолу
26.08.2026, 20:23
Шымкентте рұқсат етілмеген қоқыс орындары жойылды
26.08.2026, 20:14
Димаштың мексикалық жанкүйерлері ерекше акция өткізді
26.08.2026, 20:13
Алатау қаласының инвестициялық әлеуеті 6,9 млрд долларға жетті
26.08.2026, 20:10
Президент: Мықты мұғалім – сапалы ұлттың тірегі
26.08.2026, 20:09
Әлемдік классика жауһарлары – қазақ сахнасында
26.08.2026, 20:09
2029 жылға дейінгі цифрландыру жоспары бекітілді
26.08.2026, 20:08
Қостанайда судомодель спортынан оқушылар арасында республикалық жарыс өтіп жатыр
26.08.2026, 20:07