Ресейде мәйіттер жасырылған бірнеше көлік табылды
Ресейдің Ставрополь өлкесінде бір тәулік ішінде бес адамның мәйіті жасырылған төрт көлік табылды. «Азаттықтың» хабарлауынша, қаза тапқан бес адамның бәріне оқ тиген. Екі көліктен жарылғыш құрылғы табылған. Аймақта терроризмге қарсы операция режимі енгізілді.
8-қаңтарда Киров ауданында мәйіттері бар екі көлік табылған еді. Сондай-ақ Предгорный ауданында да мәйіті бар бір көлік табылған. Жедел-тергеу тобы қызметкерлері оқиға орнына барған мезетте көлікке жақын жерде жарылыс болған. Бірақ жарылыстан ешкім зардап шекпеген.
Осы оқиғаларға қатысты «құқық қорғау орындары қызметкерлерінің өміріне қол сұғушылық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.
Ресей ішкі істер министрлігі мен Федералдық тергеу бюросының өлкедегі басқармалары оқиғаға қатысты түсінік бермей отыр, деп хабарлайды «Азаттық».
Ставрополь өлкесі - Солтүстік Кавказ федералдық округінің ең ірі өлкелері қатарына жатады.

Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Референдумға дайындық пысықталды
11.03.2026, 20:59
Жаңа Конституция жобасындағы өңірлердің негізгі рөлі талқыланды
11.03.2026, 20:57
15 наурыз күні қоғамдық көлік тегін қатынайды
11.03.2026, 20:55
Канада елшісі: Хоккей – өмірімнің бір бөлігі
11.03.2026, 20:54
«Shalqar» радиосының жаңа студиясы ашылды
11.03.2026, 20:52
Бөкей хандығының 225 жылдығына арналған іс-шаралар басталды
11.03.2026, 20:50
Паралимпиада-2026: Жерлестеріміз алғашқы ондыққа кірді
11.03.2026, 20:47
Қазақстан мен Қатар қылмысқа қарсы күрес жөнінде келісімге келді
11.03.2026, 20:15