Қазақтың Қадыры
Соңына ұланғайыр мұра қалдырған ақын Қадыр Мырза Әлінің еңбекқорлығы бүкіл қазақ баласына үлгі етуге тұрарлық.
ҚР Мәдениет қайраткері Қали Сәрсенбай: «Ол кісінің өзінің бір сөзі бар – «рухани биік кісі – ұлттың ұйытқысы» деген. Шынында да ол ұлттың, халықтың рухани биігіне айналған тұлға»,-дейді.
«Қазақтың Қадыры» деп танылған талант қазақ поэзиясының көкжиегін кеңейтіп, мазмұнын сапаландыруға, көркемдік деңгейін биіктетіп, мәртебесін көтеруге айрықша еңбек сіңірген жан.
«Қадыр аса ұқыпты еді. Жинақы жүретін. Барлығына уақыт табатын. Жолға шықса, бір купені жалғыз өзі алып, барып-қайтқанша жұмыс істейтін тым еңбекқор еді. Қадыр - Құдайдың қазаққа берген сыйы. Қазір қайда барсаңыз да, Қадыр алдыңыздан шығады», деп еске алады замандастары.
Қадыр Мырза Әлі туралы талай естелік айтылады, жазылады, зеттеледі әлі...
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Наурызнама: Бүгін — Ынтымақ күні
21.03.2026, 20:48
Нұра ауданының тұрғындары Наурыз мерекесін тойлады
21.03.2026, 20:45
Қаз шаруашылығын дамытуға арналған фестиваль өтті
21.03.2026, 20:09
Шетелдегі қазақтар Наурыз мейрамын тойлатты
21.03.2026, 20:09
300 сырмақ топтамасы ұсынылды
21.03.2026, 20:08
Президент Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті
21.03.2026, 20:07
Елшілер мен халықаралық ұйым өкілдері қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады
21.03.2026, 20:05
Түркістанда 5 күнге созылған көкпардан Әлем чемпионаты өз мәресіне жетті
21.03.2026, 20:05