Шанхайдан құс тұмауы анықталды
Қытайдың ірі мегаполисі Шанхайға H7N9 құс тұмауы вирусы қайтып оралды. Сенбі күні Шанхайда адамның құс тұмауын жұқтыру дерегі тіркелді.
Аталмыш диагноз Шанхайдың 86 жастағы тұрғынына қойылған. Қазіргі таңда ол әл үстінде жатыр. Белгілі болғандай, қауіпті вирусты жұқтырудың алдында қария зайыбымен бірге құс базарына барған көрінеді.
Ауру жұқтырудың негізгі оқиғалары Қытайдың шығыс бөлігінде тіркелген. Бүгінгі таңда Қытай, Тайвань және Гонконгты қоса есептегенде, бұл вирусты 145 адам жұқтырған. Солардың үштен бірінен астамы қаза болды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары-2026»: Қатысушылардың алды Елордаға келді
25.07.2026, 20:07
Мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетілетін көмектің аясы кеңейіп келеді
25.07.2026, 20:06
Жұқпалы аурулардың 21 түріне қарсы вакцина егіледі
25.07.2026, 20:05
Маңғыстаудың жартасты мешіттері ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілді
25.07.2026, 20:05
Халық пікірі: Ата Заң – әділетті қоғам негізі
25.07.2026, 20:05
Саяси дода қыза түсті
25.07.2026, 20:04
Қазақстан мен Ресейдің көлік-логистикалық ынтымақтастығы стратегиялық сипатқа ие
25.07.2026, 20:04
Қазақстан – Ресей өңіраралық форумы
25.07.2026, 20:03