Жыл атаулары қалай анықталған?
Қазақ халқында жыл санаудың негізіне мүшел алынады. Бір мүшел 12 жылдан тұрады. Жыл есебін бұлай жүргізу - ежелгі кезден басталған. Мүшелдік жыл санау - тышқан жылынан бастау алады.
Мүшелдегі жылдар 12 түрлі жануардың атымен аталады: 1 – тышқан, 2 – сиыр, 3 – барыс, 4 – қоян, 5 – ұлу, 6 – жылан, 7 – жылқы, 8 – қой, 9 – мешін, 10 – тауық, 11 – ит, 12 – доңыз жылы. Бұлардың алтауы – үй жануары, алтауы – түз тағысы.
Жыл аттары не себепті жануарлардың атымен аталатыны және жыл басы неге тышқаннан басталатыны туралы халық арасында аңыз-ертегі бар. 12 жылдық қайталама негізінде мүшелмен жыл есебін жүргізуді қазақ халқы «жыл қайыру» деп атайды.
Аңыз бойынша осы он екі жануар жыл атына ие болуға таласқан. Сонда тышқан тұрып: «Дауласатын дәнеңе жоқ, таңертең бәріміз шығып келе жатқан күнді аңдимыз. Сонда күннің көтеріліп келе жатқанын кім бірінші көрсе, сол - бірінші жылдың, одан кейін көргеніміз екінші жылдың атын аламыз. Осылай өз кезегімізбен барлық жылды бөліп аламыз», - деп ұсыныс жасаған.
Бұған келіскен жануарлар демалып жатқанда тышқан түйенің басына шығып алады. Осылайша ол күнді бәрінен бұрын көріп, жыл басы атанған. Түйе бойына сеніп, жылдан құр қалыпты деседі.
Түйені санаттан қалдырмайтын да аңыз бар. Аңыз бойынша, жануарлардың бәрі жиналып, түйенің мүшелерін бөлісіп алған. Шынында да, түйенің құлағы - тышқандікіндей, тұяғы - сиырдікіндей, кеудесі - барыстікіндей, ерні - қояндікіндей, мойны - жыландікіндей, шудасы - жылқының жалындай, жоны- қойдікіндей, бөксесі - мешіндікіндей, төбесі - тауықтікіндей, сандары - иттікіндей, құйрығы - доңыздікіндей емес пе?!

Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«SuperStar KZ»: Кастинг 4-26 сәуір аралығында өтеді
31.03.2026, 20:57
Жаңа модульді робот
31.03.2026, 20:55
Ұлттық құрамалар толық спорттық киіммен қамтылды
31.03.2026, 20:53
Шымкентте жыл басынан бері жол апатынан 6 адам қаза тапты
31.03.2026, 20:17
БҚО-да қоғамдық көлік мектеп автобусына соқтығысып, үш адам ауруханаға түсті
31.03.2026, 20:16
2,5 мыңнан астам қазақстандық студент Таяу Шығыс елдерінде оқып жатыр
31.03.2026, 20:14
Судьялар Жамбылдың жырын оқып жарысты
31.03.2026, 20:12
WSJ: Трамп Таяу Шығыстағы соғысты аяқтауға ниетті
31.03.2026, 20:12