Нью-Йорк пен Токиоға тікелей әуе рейсі ашылады
Жыл соңына дейін астанадан Нью-Йорк және Токио бағытына тікелей әуе рейстері ашылады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында айтылды. Келер жылы Лондон, Париж, Рим, Вена сияқты еуропа қалаларына ұшақтар қатынайтын болды. Жалпы, былтыр қазақстандық авиакомпаниялар 15 млн жолаушы тасымалдаған. Қазақстанды өңірлік авиахабқа айналдыру туралы Президент қойған тапсырманы орындау үшін жолаушылар және жүк ағымын еселеп арттыру қажет. Ең негізгі мәселелерді бірі ұшақ тапшылығы. Биыл еліміздің әуе көліктері паркі 5 ұшақпен толықты. Жыл соңына дейін тағы алтауы алынбақ. Ендігі мәселе саланы білікті мамандармен толықтыру, дейді Көлік министрі.
Нұрлан Сауранбаев, ҚР Көлік
министрі:
Авиацияда цифрландыруды енгізіп жатырмыз. Q-Gate жүйесі бақылаудан өту уақытын 3 минуттан 50 секундқа дейін қысқартады. Қазіргі уақытта Астана және Алматы аэропорттарында 16 терминал жұмыс істейді. Биыл Шымкент, Атырау, Ақтөбе және Ақтауда тағы 16 терминал орнату жоспарлануда. Келесі кезеңде ішкі рейстерде биометрияны енгізу көзделген. Пилоттық жоба Астана–Шымкент бағыты бойынша іске асырылады.
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Психолог: Баланың интернетке тәуелділігін ерте анықтаған абзал
21.07.2026, 20:29
Құрылтай сайлауы – жаңа саяси кезең
21.07.2026, 20:27
Әскери оқу орындарына түсуді қалайтын жастар саны артып келеді
21.07.2026, 20:25
Әлеуметтанушы: Той өткізу мәдениетіне өзгеріс керек
21.07.2026, 20:19
Абай облысында қайтарылған активтер есебінен 27 нысан салынып жатыр
21.07.2026, 20:18
Ұлт ғылымының ұлы тұлғасы
21.07.2026, 20:17
Әскер туралы жалған ақпарат таратқан азамат сотталды
21.07.2026, 20:14
Телемедицина жүйесін дамыту жұмыстары жалғасып жатыр
21.07.2026, 20:11