Басты Жаңалықтар «Музей түні – 2026»: 17 мың адам тамашалады

«Музей түні – 2026»: 17 мың адам тамашалады

Астанадағы Ұлттық музейде өткен «Музей түні» шарасын тамашалауға биыл 17 мыңнан аса адам келді. Олар әртүрлі көрме залдарын аралап, мәдни-танымдық бағдарламаларға қатысуға мүмкіндік алды.  Халықаралық музейлер күніне арналған дәстүрлі шара жайлы әріптесім Айжан Иманғали сабақтайды.

Тарих пен заманауи мәдениетті, дәстүр мен жаңашылдықты тоғыстырған бұл кеш биыл ерекше форматта өтті. Келушілер үшін концерттік қойылымдардар бөлек, интерактивтерге, танымдық экскурсияларға, креативті шеберлік сабақтарына толы әртүрлі мәдени-танымдық акциялар ұйымдастырылды. Әсіресе, 20–да аса көрме залдарына қойылған түрлі экспонаттар мен жәдірергер тамашалаушыларға ерекше әсер қалдырды.
Әсия Бақытқызы, Астана тұрғыны:
Әсіресе сақ заманындағы әйелдердің стиліне өте тәнті болдым. Киімдерінің өзі үйлесімділікпен бұрын киген екен. Әшекейлері, киімдері, мына сәукелесіне дейін, соны білдіріп тұр. Алқасына дейін, қазіргі шығап жатқан «картье» дейді ғой, біздің қазақтар кезінде киіп кеткен екен.
Ақбота Сәдуақасова, Астана тұрғыны:
Ұлттық стильде жасалған бұрынғы ата-әжелеріміздің заманындағы кілемдер өрнектелген, шынымды айтсам, өзімнің балалық шағым есіме түсіп кетті.
Бұл кеште өнер мен технология ерекше де үйлесім тапты. Халық әндері заманауи ритмдермен біріктірілетін DJ-сет әуендері қосылды. Аталған шара Мәдениет күндеріне тұспа-тұс келгендіктен, Елордаға арнайы шақыртылған өнер саласының майталмандарды да музейде болды.
Ғалым Мұхамедин, ҚР Еңбек сіңірген әртісі, филармония әншісі /Ұлытау/:
Бұны көру үшін 7 этаж бар екен. Сол 7 этаждың әр күніне 1 күн арнауға болады екен. Бірақ дегенмен шамамыз келгенше көріп жатырмыз, өте тамаша екен.  Жақсы бір әсер алып бара жатырмын.
Айжан Иманғали, тілші:
Сондай-ақ келушілер үшін ыңғайлы форматта экскурсиялар ұйымдастырылған. Мәселен, өзіміздің салт-дәстүріміз, ұлттық құныдылқтарымыз, мәдениетіміз жайында құнды дүниелермен танысу үшін осындай интерактивті тақталар қойылған, ол үшін өзіңізге ыңғайлы тілді таңдайсыз, мәселен қазақ тілін таңдадық. Бұл жерде қазақ жерін қоныстаған байырғы көшпелілердің сәндік қолданбалы өнері, олардың өмір сүрген ортасы, салт-санасымен , шаруашылық жүргізу тәсілімен танысуға болады.
Ерқанат Сайлау, Астана тұрғыны:
Мысалы айтсақ, өзіміздің Шығыс Қазақстан облысында Талды деген жер бар, алыстан қарағанда өзгеше болып көрінеді, үстінен қарағанда әдемілігі басқаша көрінеді.
Бұған қоса белгілі суретшілер көрмесі, кілем және киіз бұйымдарын қалпына келтіру бойынша шеберлік сабақтары өткізілді. Жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын Музей түніне биыл 17 мыңнан аса адам келіп, ұлттық мұрамен сырласып, тарих пен өнерге жаңаша көзқараспен үңілуге мүмкіндік алды. 


Бөлісу