Аралдың 1 млн гектар қайраңына сексеуіл еккен
Арал теңізінің құрғаған 1 миллион гектардан астам табанына сексеуіл егілді. Кейінгі бес жылда мамандар тұқым себу жұмыстарына заманауи технологияларды қолданып жатыр. Сондай-ақ сапалы көшет өсіру үшін Арал табанынан жаңа тұқымбақ ашу жоспарланған. «Республикалық орман селекциялық тұқым өсіру орталығы» биыл Қазалы ауданындағы тұқымбақта 1,5 миллион түп сексеуіл көшетін дайындауды көздеп отыр. Осы мақсатта 5 гектар алқапқа тұқым себілген.
Әліби Ғазизұлы, «Республикалық Орман селекциялық тұқым өсіру орталығы» РМҚК бас директоры:
Осыны күзде біз қопарып алып, өзінің стандартына келтіріп, соны кептіріп алмай, тамырын апарып, Аралдың құрғаған ұлтанына апарып, егеміз. Мынау себілді ғой, енді бұл егіледі. Соны біз «көшет» дейміз. Көшет 25-30 сантиметрге дейін болады.
Теңіз табанын көгалдандыруда ғылыми тәсілдер де қатар қолданылып жатыр. Бұған
Әлихан Бөкейхан атындағы орман шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының
ғалымдары атсалысып отыр. Топырақ құнары мен тұқым сапасын жақсартудан бөлек,
мұнда соңғы үлгідегі техникалар іске қосылған. 2020 жылға дейін Арал теңізінің
195 мың гектар аумағы жасыл желекке айналса, Мемлекет басшысының тікелей
тапсырмасынан кейін соңғы 5 жылда бір миллион гектардан астам жерге сексеуіл
егілді.
Самалбек Қосанов, Ә.Бөкейхан атындағы Қазақ орман шаруашылығы ҒЗИ
филиалының директоры:
Сонымен қатар қазір біз соңғы екі жылда заманауи осы экономикалық жағынан тиімді агродрондармен себу жұмыстарын жолға қойдық. Оның бір жақсы артықшылығы, мысалы, ол жұмысты оңайлатады және де мынау жерді өңдеуді көп қажет етпейтін дақылдарға өте керемет дүние болып есептелінеді.
Автор
Жанел Нұрболатқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Музей түні – 2026»: 17 мың адам тамашалады
19.05.2026, 13:15
Леонардо да Винчи көрмесі Астана төрінде
19.05.2026, 13:12
IV Халықаралық Қазақстан музей конгресі басталды
19.05.2026, 13:09
Дінде ағза донорлығына рұқсат бар
19.05.2026, 13:06
Нью-Йорк пен Токиоға тікелей әуе рейсі ашылады
19.05.2026, 13:00
Леонардо да Винчи көрмесі Астана төрінде: 40-тан астам жәдігер әкелінді
19.05.2026, 10:11
«Dosti Skills Kokshetau - 2026» халықаралық чемпионаты өтіп жатыр
19.05.2026, 10:09
Бас мүфти кәсіпкерлерге үндеу жасады
19.05.2026, 10:06