Дінде ағза донорлығына рұқсат бар
Ислам дінінде ағза трансплантациясына рұқсат бар. Алайда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бұл мәселеге қатысты нақты талаптар бекіткен. Ең әуелі трансплантация науқасты құтқарудың соңғы мүмкіндігі болуы шарт. Сондай-ақ донордың өлімі толық әрі нақты расталуы керек. Басқарма өкілдерінің айтуынша, қазақстандық ғұламалар әзірге тек биологиялық өлім жағдайында ғана ағза алуға рұқсат берген. Яғни ми қызметі тоқтап, жүрегі аппарат арқылы соғып тұрған адамнан ағза алуға болмайды. Шариғат бойынша марқұм көзі тірісінде ағзасын донорлыққа беруге өсиет етуі тиіс. Ол болмаса шешімді марқұмның мұрагерлері мен жақын туыстары қабылдайды. Сонымен қатар, ағза саудасына қатаң тыйым салынған. Ал трансплантацияны тек мемлекет рұқсат берген әрі қатаң бақылаудағы медициналық мекемелер ғана жүргізуі керек.
Тірі адамнан мысалы, ағза ауыстыру барысында оған да арнайы шарттар талап етіледі. Бірінші: ол ота жасау оған нақты донорға да науқасқа да қатты зиян келмеу керек. Егер донордың өзіне зиян келетін болса оған жол берілмейді. Себебі, зиянды зиянмен кетіруге болмайды. Біреуге ағзасын беріп өзі зиян шегіп қалатын болса шариғат жол бермейді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы