Шығыс Қазақстанда алғаш рет бауырға шунттау операциясы жасалды. Бұл цирроз кезінде пайда болатын және өмірге қауіп төндіретін бауыр тамырларын емдеудің жаңа әдісі.
Бұған дейін мұндай операцияны елімізде тек Шымкент қаласының хирургтары ғана жасаған. Енді олар Өскеменге барып, әріптестеріне бауыр цирозы дертіне шалдыққан науқастарға көмек көрсету жолдарын үйретіп, тәжірбиесімен бөлісті.
Облыстық мамандандырылған медициналық орталықта өткен операцияларға Ұлыбританиядан шақырылған профессор да қатысты. Шетелдік және отандық мамандар 3 күн бойы бауырға операция жасаудың қыр-сырын айтып, арнайы конференция да өтеді.
Жасұлан Жиренбаев, хирург:
Бұл операция тамырішілік жасалады, ешқандай кесу болмайды. Яғни, портальды қысымды төмендету үшін бауырдың оң жақ қақпа көктамыры арқылы жол салынады. Бұл кезде науқастың өмір сүру сапасы артып, бауыр трансплантациясына дейінгі өмірі ұзарады.
Берік КӨШЕРБАЙ