Дәрі-дәрмек бағасы  заңмен реттеледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дәрі-дәрмек бағасы  заңмен реттеледі

15.03.2019

Денсаулық сақтау министрлігі дәрі-дәрмектің шекті бағасын жылына екі мәрте тексермек. Аталған ведомстваның өкілдері ел аумағында дәрілік заттардың бағасын реттейтін тиісті жобаның жәй-жапсарын баяндады.

Келесі айдан бастап дәрі-дәрмектердің бағасын реттеу туралы заң күшіне енбек. Құжатқа сәйкес, дәрілік заттардың шекті бағасы жылына екі мәрте яғни, қаңтар және шілде айларында тексерілетін болады.

Өйткені, дәрі-дәрмектердің бағасы елдің әр аймағында әртүрлі. Осы ретте, қазір жеңіл репрессивті сипаты бар дәрі-дәрмектердің бағаларын реттеу ережелері бекітілген. Оған сай, шекті бөлшекті бағалар белгіленбек.

Ал, заңды белден басқан дәріханалар айппұл арқалайды немесе фармацевтикалық қызметке лицензияның қолданылуын тоқтататын әкімшілік жауапкершілікке тартылмақ.

 Людмила Бюрабекова, ҚР ДСМ фармация комитетінің төрайымы:

Яғни, жаза субъект санатына қарай 70 АЕК-тен 1000 АЕК-ке дейінгі айыппұл мөлшерінде болады. Тіпті фармацевтикалық жұмысты тоқтатуға дейінгі жаза бар. Біздің елде бүгінгі таңда 8 мыңға тарта дәрі-дәрмек түрі сатылып жатыр. Қазір олардың 5500-нің бағасы белгіленді. Сонымен бірге, жүргізілген жұмыс барысында препараттардың 10% тіркеу куәлігі болғанына қарамастан, елге әкелініп, сатылмағанын анықтадық. Десе де, бұл өндірушілермен тиісті жұмысты жүргіземіз. 

Армангүл ТОҚТАМҰРАТ

                                                         

Хабарламаларға жазылу