Басты Жаңалықтар Білім бе, бизнес пе? Репетиторлық орталықтарды кім бақылайды?

Білім бе, бизнес пе? Репетиторлық орталықтарды кім бақылайды?

Қосымша сабақ беретін орталықтарға қатысты ата-аналардың айтары бар. Ең басты шағым – қымбат. Баласын оқыта алмайды. «Неге мектепте мұғалімдер дұрыстап оқытпайды?» дейді. Ал репетиторлық орталыққа бармағасын, тереңдетіп оқытатын мектептерге түсе алмайтынын айтып, ондай орталықтардың жұмысына тыйым салуға шақырады.

Наразылық негізсіз емес. Кім баласының сапалы білім алып, оза шапқанын қаламайды?! Дегенмен:

1. Сапалы білім алуға ұмтылыс – табиғи нәрсе. Білімді терең беретін мектептерге түсу үшін ғана емес, балалар бәрібір ҰБТ-ға, SAT-қа, олимпиадаларға және шетелдердегі университеттерге түсуге дайындалар еді.

2. Қосымша білім беретін орталықтарды жауып тастаған елдер болған.

Алайда қайта ашқан. Себебі сұраныс бар және қазіргі білім-ғылымның даму қарқыны сұранысты ұлғайта береді.

Бөлісу