Қазақстан түркі мемлекеттеріне ортақ Цифрлық кодекс әзірлеуді ұсынды
Құрылтай Төрағасы Айбек Дәдебай бастаған делегация Бішкекте өткен Түркі мемлекеттерінің Парламенттік Ассамблеясының XV пленарлық отырысына қатысты.
Тақырыбы: «Жасанды интеллект және технологиялық прогресс дәуіріндегі түркі әлемінің парламентаралық ынтымақтастығы».
Құрылтай Төрағасы бұл талқылау биыл Түркістанда өткен Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитінде көтерілген бастамалармен үндес екенін атаған.
– Қасым-Жомарт Тоқаев түркі елдерінің IT-хабтар желісін және Астанадағы Alem.AI базасында Жасанды интеллект орталығын құру бастамасының маңыздылығын атады. Ең алдымен, мұндай тетіктер ынтымақтастықты декларативті деңгейден нақты практикалық нәтижелерге көшіруді қамтамасыз етеді, – деген.
Құрылтай Төрағасы Әзербайжандағы Габалада өткен Түркі мемлекеттері ұйымының саммитінде Қазақстан көтерген бастамаларды қолдауға шақырды. Атап айтқанда, логистикалық әлеуетті арттыруға бағытталған цифрлық мониторинг және цифрлық инновациялар орталықтарын ашу.
Еліміздің тәжірибесі негізінде Түркі мемлекеттеріне арналған үлгілік Цифрлық кодексті әзірлеу бастамасын да көтерді.
Отырыс соңында Қазақстан Парламенттік Ассамблеяға төрағалықты Қырғыз Республикасына тапсырды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы