Ұлттық ғылыми онкологиялық орталықтың құрылысы наурызда басталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық ғылыми онкологиялық орталықтың құрылысы наурызда басталады

24.01.2019

Мемлекет басшысы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында 2019 жылы Астанада Ұлттық ғылыми онкологиялық орталық құрылысын бастау жөнінде тапсырма берген еді. Соған орай аталған клиника биыл наурыз айында басталатын болды. Бүгін Денсаулық сақтау министрлігінде орталықты салу жайы талқыланды. Заманауи емдеу мекемесі Астанадағы қазіргі Ұлттық онкология және трансплантология ғылыми орталығы ғимаратының орнына салынбақ. Ескісі толығымен бұзылып, шамамен 3 мың тоннадан астам зиянды қалдық шығарылмақ. Жауапты мамандар «ол қоршаған ортаны ластамайды», деп сендірді. Орталық бұрын-соңды Қазақстанда болмаған инновациялық технологиялармен жұмыс істейді. Қатерлі дертке шалдыққан азаматтарымыз енді шетелге шықпай-ақ, өз елімізде радиохирургия, брахитерапия, сәулелі және протондық терапия қабылдай алады.

Қазақстанда қазір жыл сайын 35 мыңнан астам адам қатерлі ісікке шалдығады екен. Бұл дертпен есепте тұрғандардың жалпы саны - 170 мыңдай. Ұлттық ғылыми онкологиялық орталық жоспар бойынша 2020 жылы қолданысқа берілмек. 

 Асхат Сүлейменов, ҚР Экологиялық қауымдастығы басқармасы төрағасының орынбасары:

- Бұл жерде жерасты суларына немесе ауаға кететін зиянды заттар болмау керек. Құрылыс барысында мамандар жан-жақты қарастырады.

Армангүл ТОҚТАМҰРАТ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу