Дәрігерлік құпияны жария еткен емхана қызметкері жұмыстан шығарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дәрігерлік құпияны жария еткен емхана қызметкері жұмыстан шығарылды

18.01.2019

Қарағандыда балабақша тәрбиешісінің туберкулезге шалдыққаны туралы ақпаратты әлеуметтік желіге таратқан емхана қызметкері жұмыстан шығарылды. Ол өзінің баласы баратын мектепке дейінгі мекемеде жұмыс істейтін тәрбиешінің денсаулығына байланысты ақпаратты жария етіп жіберген. Дәрігерлік құпияны сақтамай, науқасқа қатысты мәліметті таратқаны үшін оның үстінен қызметтік тексеріс жүргізілді. Ақыры Еңбек кодексіне сай жұмысынан кетті. Естеріңізге сала кетейік, қаладағы «Толағай» балабақшасының тәрбиешісі аяқ астынан туберкулезбен ауырып, диспансерге түскен болатын. Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының мамандары балабақшаны тексеріп, бүлдіршіндердің денсаулығына қауіп жоқ екенін мәлімдеді. Ал, тәрбиешінің жағдайы қазір бірқалыпты.

Айжан Иса, облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы:

- Дәрігерлік құпияны ашу фактісі нақтыланды. Осыған орай Еңбек кодексінің 52-і бабының 15-і пунктіне орай заңмен қорғалатын мәліметті ашып бергені үшін айыпталып, емхана дәрігері жұмысынан босатылды.

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу