Басты Жаңалықтар Қазақстандық жастар ЖИТС, ВИЧ-тің таралу жолдарынан әлі де хабарсыз

Қазақстандық жастар ЖИТС, ВИЧ-тің таралу жолдарынан әлі де хабарсыз

Қазақстандық жастар ЖИТС, ВИЧ сияқты ғасыр індеттерінің таралу жолдарынан әлі де толық ақпараттанбаған. Қалалық денсаулық сақшылары осылай дабыл қақты. Биыл жастардың репродуктивті денсаулығының жағдайын анықтау мақсатында арнайы әлеуметтік зерттеу жүргізілген. Негізгі респонденттер - 15 пен 19 жастағы жасөспірімдер. Нәтижесінде, сұралғандардың 9,1 пайызы аты жаман ауруға қатысты сауалдарға дұрыс жауап бере алмаған. Ал, сұралғандардың 29,4 пайызы жыныстық қатынасқа түскендерін айтқан. Бірақ, дені – жыныстық жолдар арқылы берілетін жұқпалы аурулардан хабарсыз болып шыққан. Осыны ескерген мамандар, өскелең ұрпақты дереу ақпараттандыру қажеттігін айтты.  

Жанар Керкімбайқызы , қалалық Денсаулық сақтау басқармасының өкілі:

- Дұрыс ақпарат беру керек. Ақпараттың өзі толық болу және медицина тұрғысынан ол дәлелді болу керек.

Армангүл ТОҚТАМҰРАТ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Бөлісу