300 мыңға жуық қазақстандық медицина ұйымын еркін таңдау құқығын пайдаланған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

300 мыңға жуық қазақстандық медицина ұйымын еркін таңдау құқығын пайдаланған

03.12.2018

Азаматтарға өздері қалаған емханасына тіркелуге мүмкіндік беретін арнайы науқан биыл да 15 қыркүйек пен 15 қараша аралығында өткізілді. Жылына бір рет ұйымдастырылып, екі айға созылатын биылғы шара барысында 300 мыңға жуық қазақстандық емдеу мекемесін еркін таңдау құқығын пайдаланған. Әсіресе, Алматы, Астана, Шымкент сияқты ірі қалалармен қатар, Қарағанды, Түркістан және Алматы облыстарының халқы белсенділік танытыпты. Науқанға қатысқандардың басым бөлігі емханаға өздері барып, өтініш беріп тіркелсе, 13,5 мыңға жуығы онлайн қызметті таңдаған. Биылғы тіркеу науқаны 600-ден астам мемлекеттік және жекеменшік медициналық ұйымды қамтыды. Оның ішінде 82-сі – мұндай шараға алғаш рет қатысқан. Бұл амбулаториялық-емханалық ұйымдар 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап өздеріне тіркелген тұрғындарға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі бойынша халыққа қызмет көрсетеді.

Армангүл ТОҚТАМҰРАТ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу