Дәрігерлер басқосуы Ұлттық нейрохирургиялық орталықтың 10 жылдығына орайластырылған. Бірегей медициналық мекеме нейрохирургиялық патологиялардан болатын өлім-жітім мен мүгедектікті азайтуға сеп болды. Жыл сайын медициналық ұйымда 3 мыңнан аса операция жасалады. Елдің түкпір-түкпірінен 4 мыңға жуық науқас дәрігер көмегін алады. Шетелден де келіп емделетіндер бар. Мәселен, былтыр 250-ден астам шетелдік азаматқа операция жасалған.
Ерлан Біртанов, ҚР Денсаулық сақтау министрі:
- 2008 жылы Президент тапсырмасы бойынша Ұлттық нейрохирургиялық орталық құрылды. Содан бастап 23 мыңнан астам нейрохирургиялық операция өткізілді. Осы 10 жылдың ішінде елімізде тұңғыш рет 70-тен астам жаңа технология енгізілді. Көп технология тек осы орталыққа ғана емес, еліміздің басқа өңірлеріне де тапсырылды.
Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.