Әлемнің үздік хирургтары 1-3 қыркүйекте Астанада бас қосады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлемнің үздік хирургтары 1-3 қыркүйекте Астанада бас қосады

16.08.2017

Жер жаһанның үздік хирургтары Астанада бас қосады. 1-3 қыркүйек аралығында елордада 27-ші Дүниежүзілік кардиоваскулярлық және торкальдық хирургтар қауымдастығының конгресі өтпек. Алғаш рет Еуразия өңірінде денсаулық сақтау саласындағы әлемдік деңгейдегі іс-шараның нақ Қазақстанда өтуі бекер емес. Оған елімізде медицинаның қарқынды дамуы мен кардиохирургия саласындағы жетістіктер ықпал еткен. Бір ғана мысал, 2010 жылдан бастап туғаннан жүрегінде ақауы бар балаларға жасалатын ота 2,3 есеге өссе, қанайналым жүйесінен келетін өлім-жітім 3 есеге азайған.

Айта кетейік, конгреске ғаламның 30 елінен мыңнан астам кәсіби маман жиналады.  Кардиохирургияның төңірегіндегі проблемалар мен бағыт-бағдар – әңгіме өзегі, пікір-талас тақырыбы болмақ. 

 

Армангүл ТОҚТАМҰРАТ

Хабарламаларға жазылу