Сарбаздар 30 литр қан тапсырды

Қазақ әскерлері донор ретінде қан тапсыруды әдетке айналдырған. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметі таратқан ақпараттарға қарағанда тек Алматы өңірлік гарнизонының әскери полицейлері 29 литрден астам қан тапсырған.
Алдымен гарнизондағы әскери полиция бөлімінде сауалнама өткізіліп, одан соң медицина қызметкерлері келген. Сөйтіп, әскери полициейлер донор ретінде қан тапсырған. Алматы қалалық қан орталығынан келген дәрігерлер әскерилер тапсырған қанды қалалық қан банкінің қажеттіліктерін өтеуге пайдаланбақ. Сонымен бірге, дәрігерлер әскери қызметшілерге донор болудың артықшылықтарын, моральдық тұрғыда маңыздылығын түсіндірген.
Жалпы, Қарулы күштерде әскерилердің донор ретінде қан тапсыруы қалыпты жағдай. Қазақ әскерлері жылына екі рет донорлық қан береді. Бұл дәстүрдің басталғанына да он жылдан асты.
Осыдан төрт ай бұрын ҚР Қарулы күштері Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшылығы басқармасының қызметкерлері, 657 комендатураның және 21140-Б әскери бөлімінің сарбаздары қан тапсырған болатын. Нәтижесінде, сарбаздар жалпы көлемі 30 литр донорлық қан берген.

Kaznews.kaztrk.kz
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Қаллеки» театры үздіктерді анықтады
27.03.2026, 20:59
«Алтайым - алтын бесігім» республикалық ақындар айтысы өтті
27.03.2026, 20:57
Кәсіпкерлерге арналған қызметтер бір жүйеге жинақталады
27.03.2026, 20:54
Цифрландыру дәуірі: Инновация мен стартаптар форумы
27.03.2026, 20:53
Digital Qazaqstan – цифрлық трансформация алаңы
27.03.2026, 20:22
272 елді мекенде су тасқыны қаупі бар
27.03.2026, 20:19
Әлем жаңалықтарына шолу
27.03.2026, 20:17
3 мыңнан астам ІТ маманды біріктірген хакатон бастау алды
27.03.2026, 20:14