Елімізде ми инсульты көбейіп барады. Бұған алаңдаған Алматыдағы орталық клиникалық ауруханасының мамандары медицинадағы жаңа инновациялық технологияларға жүгінуде.
Тәжірибе алмасу үшін Ресейдің Ростов қаласынан қан тамырларына операция жасайтын хирург Михаил Малеванды арнайы шақырды.
Мидағы қан айналымын бұзып, істен шығаратын ұйқы артериясындағы түйіндерді тарқатуға бірлесіп кірісті.
Тесігі тарылған тамырларды ажыратып, тірек рөлін атқаратын стент енгізді. Инновациялық әдіс үш адамның өміріне араша болды.
Михаил Малеван, хирург:
Әлемде бұл - қауіпті дерттің қатарында. Жалпы алып қарағанда қазір 1 миллион тұрғынның 2000-ға жуығында мидағы қан айналымы бұзылған. Егер осындай операциялар арқылы алдын алмасақ, инсульт бірнеше мәрте қайталанып, науқастың өліміне алып келеді не болмаса сөйлеу, көру, қимыл қозғалысынан айырып мүгедек етеді.
Айгүл ЕРМАХАН