Дәрі-дәрмек бағасы қымбаттамайды
Дәрі-дәрмек бағасының өспеуін Денсаулық сақтау министрлігі бақылауда ұстайды. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Денсаулық сақтау вице-министрі осыны жеткізді.
Теңгеге қатысты түзету дәрі-дәрмектің бағасына әсер етеді деп жұрт алаңдаушылығын білдірді. Расында, науқасқа ем-дом қабылдау үшін алдымен дәрі-дәрмек ауадай қажет.
Бірақ, дәрі бағасын өсірмей, әрі сапасын да бірдей қадағалау - басты міндетіміз, деді Байжүнісов. Сондай-ақ, биыл қымбат дәрі-дәрмектердің де бағасы көтерілмейді, деп сендірді.
Жалпы, қазір Қазақстанда тіркелген дәрінің түрі - 7174. Бұл - әлем халқы қолданатын барлық дәрі-дәрмек бізде бар деген сөз. Ал, осы дәрілерді сатып алуға жыл сайын қазынадан 140 миллиард теңгеге жуық қаржы бөлінеді.
Ерік Байжүнісов, ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі:
Бюджет қаражатына сатып алынған барлық дәрі-дәрмектің бағасы реттеулі. Бірақ, жекеменшiк бөлшек саудамен айналысатын дәрiханалардағы жағдайды тұрақты ұстау оңай емес. Ал, бізге ондағы бағаларды да қадағалау қажет. Бұл - халықаралық ережелердің міндетті талабы. Осыған байланысты қазір Кодекске тиiстi өзгертулер енгiзуге кірістік. Егер, сәуірде бұл өзгерістер қабылданса, бәрін жөнге келтіру мүмкіндігі туады. Ең негізгісі, елімізде дәрi-дәрмектердiң ұлттық формуляры жасалады.
Алмат ӘБДІРАМАН
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
HackAlem AI қатысушылар саны бойынша әлемдік рекорд орнатты
24.09.2026, 09:43
Шекарадағы өткізу бекеттері жаңартылды
23.09.2026, 20:30
Азия ойындары: Қоржындағы медаль саны 19-ға жетті
23.09.2026, 20:28
Қытайда халықаралық «Жібек жолы» кинофестивалі өтті
23.09.2026, 20:26
Жетісу облысында үш экопарк ел игілігіне берілді
23.09.2026, 20:24
Астанада HackAlem AI хакатоны өтті
23.09.2026, 20:22
Бурабайда тау туризмі дамып келеді
23.09.2026, 20:20
Елордада бірыңғай дизайн-код бекітілді
23.09.2026, 20:18