Отбасылық дәрігерлік амбулатория ашылды
Шығыс Қазақстан облысының Үржар ауданындағы Бестерек ауылында жаңа отбасылық дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді. Нысанның құрылысы былтыр көктемде басталып, қараша айында аяқталған болатын.
Жұмсалған қаражат көлемі 142 миллион теңге. Бүгінде Бестерек ауылдық округінде жалпы саны 3 мыңға жуық тұрғын бар. Олар осы күнге дейін аудан орталығына барып ем қабылдайтын.
Енді Ер Қабанбай, Қазымбет және Бестерек ауылының халқына медициналық қызмет осы амбулаторияда көрсетіледі. Заманауи медициналық құралдармен жабдықталған жаңа емдеу мекемесінде барлығы 14 адам жұмыс істейді. Олардың біреуі жалпы практика дәрігері, 7 медбике және 6 орташа медициналық қызметші.
Марина Сергиенко, дәрігер:
«Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша осында жұмысқа жіберді. Бастапқы уақытта біраз қорқыныш сезімі болған, бірақ үйреніп кеттім. Міне, енді жаңа мекемеде отырамыз. Баспана мәселесі де шешілді, осы ауылдан үй алдым. Өте қуаныштымын.
Берік КӨШЕРБАЕВ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ғабит Мүсірепов театрына – 80 жыл
17.09.2026, 20:51
Тарих тағылымы – болашаққа бағдар
17.09.2026, 20:29
Тұрғын үйлерді міндетті сақтандыру ұсынылды
17.09.2026, 20:05
Қазақстанның халықаралық резервтері өсті
17.09.2026, 20:04
Елімізде өмірін сақтандыратындар көбейген
17.09.2026, 20:01
2027 жылы адами капиталға жалпы бюджеттің 35 пайызы жұмсалмақ
17.09.2026, 20:01
Ақтау портында жаңа айлақтар салынып жатыр
17.09.2026, 19:55
Елордада әлеуметтік нысандар құрылысы қарқын алды
17.09.2026, 19:53