Еліміздегі ЖОО-лардың академиялық дербестігін кеңейту мәселелері талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздегі ЖОО-лардың академиялық дербестігін кеңейту мәселелері талқыланды

29.04.2019

Алматыда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Nur Otan партиясы бағдарламасының білім бағытына сәйкес партиялық куратор комиссиясының көшпелі отырысы өтті.

Депутаттар мен жоғары оқу орындарының ректорлары Назарбаев Университетінің тәжірибесін ескеріп, білім ордаларында академиялық және басқару дербестігін кеңейту мәселелерін талқылады. Сонымен қатар, университеттерді халықаралық стандарттарға сай коммерциялық емес ұйымдарға айналдыруға қатысты пікір айтты.

Жалпы, бұл іс 2018 жылдың 4 шілдесіндегі «Жоғары оқу орындарының академиялық және басқарушылық дербестігін кеңейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңның шеңберінде жүргізіледі.

Бақытгүл Хаменова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Заңның негізгі мақсаты - басқа да табыс көзін табу. Ол үшін осы заң тетіктерінде көптеген жеңілдіктер қарасытырылған. 

Нұрлан Асқарұлы

Хабарламаларға жазылу