Басты Жаңалықтар 2018 жылғы Жоғары оқу орындарының үздік оқытушылары анықталды

2018 жылғы Жоғары оқу орындарының үздік оқытушылары анықталды

Жыл сайын өткізілетін конкурсқа еліміздің 80 жоғары оқу орнынан 481 үміткер қатысты. Қатысушылар дәрежесі әртүрлі: ғылым магистрінен бастап, PhD докторлар, ғылым кандидаттарына дейін бақ сынасты.

Бәйге жүлдесі тек 43 университеттің 200 оқытушысына бұйырды. Жеңімпаздар әлемнің жетекші университеттерінде тағылымдамадан өтiп, біліктіліктерін арттыруға, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік алды.

Әділет Тойбаев ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры:

- Басылымдарда жарық көрген мақалалар, монографиялар, әдістемеліктер  назарға алынды.

Меңдігүл Ноғайбаева, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Тарих факультетінің деканы, жеңімпаз:

- Осы байқаудың талаптарына сәйкес келетін еліміздің үздік ғалымдары мен ұстаздары осы байқаудың жеңімпаздары атанып жатқанына біз өте қуаныштымыз.

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ 

Бөлісу