Қазақстанда жоғары білімді жастардың жартысына жуығы жұмыссыз - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда жоғары білімді жастардың жартысына жуығы жұмыссыз

27.12.2018

Қазақстанда жоғары білімді жастардың жартысына жуығы жұмыссыз. Бүгін ел аумағындағы ЖОО-ның Білім беру бағдарламасы рейтингісінің қорытындысы жарияланды.

Қолына диплом алып шыққан түлектердің 40% бірден жұмысқа тұрып кете алмайды. Ал, мамандығы бойынша екі қолға бір күрек таппағандар -  35,4 %. Білім беру бағдарламалары сүзгіден өткізген сарапшылар, басқа да олқылықтарды анықтады.

Бұл Ақмола облысындағы Аграрлық техникалық колледж. Серпін бағарламасы аясында   мемлекеттік тапсырыспен жұмыс істеп жатқан еліміздегі 33 колледждің бірі. Үкімет есебінен студенттерді тегін оқытады. Ақтоты Сергеева солардың бірі. Маңғыстаудан арнайы келген. Мұнда барлық жағдай бар. 

Ақтоты Сергеева, студент:

Мында барлық құрал жабдықтар жаңадан. Қуыруға арналған фрютерницалар бар, пештер бар арнайы бәліштер пісіруге пирогтар пісіруге түрлі жағдайлар жасалған.  

Құрмет Ерасыл техниканың тілін жақсы меңгерген жас маман.  Қазір арнайы пәндер бойынша жетекші мұғалім. Мына зертхананың көмегімен студенттерге тәжірибелік тұрғыда түсіндірме жұмыстарын жүргізеді. 

Құрмет Ерасыл, арнайы пәндер мұғалімі:

Бұл бізде зертхана мұнда біз теориялық алған білімді тәжірибеде пысықтаймыз. Бұл зертханада алған білімдерін тәжірибеде әрі қарай пысықтаймыз. Бұл зертхана үш бөлімге бөлінген.....ақаулықтар жөнінде танысамыз.

Ресми дерекке сәйкес, «Серпін» мемлекеттік бағдарламасы бойныша білім алған жастардың 80 пайызға жуығы жұмысқа орналасқан. Себебі, аспазшы, сантехник, электрик, байланыс менеджері сынды мамандық нарықта сұранысқа ие. Жалақы да жаман емес.

Талғат Ешенқұлов, ҚР Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрағасы

Кейбір ЖОО-ның көп түлектері жұмысқа орналса алмаған. Жұмыс тапқанның өзінде жалақы 50 мыңнан аспайды. Онда ол студенттің не үшін 4 жыл уақытын кетіруі керек?! Әлбетте, түлектер өз мамандықтары бойынша мұндай жалақыға бармайды. Сондықтан, көпшілігі жалақысы жоғары қызмет көрсету саласына немесе сол даяшылыққа кетеді.

Демек, жылдар бойы жоғары білімнің соңында жүрген жастардан гөрі қысқа мерзімді оқу курстарын тәмамдағандардың ұпайы түгел. Ал, білім беру бағдарламаларының мазмұны мәз емес, оқу мекемелері бір-бірінен көшіріп алады.

Одан қалды, теория мен практиканың сабақтастығы жоқ. Кітапхана қоры әбден көнерген. Олқылықтарды тізген сарапшылар, мамандық түрлерін қайта қарап, білім беру бағдарламаларын жаңғыртудың қажеттілігін қадап айтты.

Армангүл ТОҚТАМҰРАТ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу