Мұғалімдер мамырда тест тапсырады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мұғалімдер мамырда тест тапсырады

27.04.2018

Үстемақы алғысы келетін мұғалім оқу жылы аяқталған соң тест тапсыруы керек. Педагог біліктілігі аттестаттау арқылы анықталады. Ол үшін 26 мамыр мен 5 маусым аралығында Ұлттық біліктілік тестілеуі өтеді. Одан өте алмаған немесе өзге де себептермен қатыса алмаған маман қарашада тапсыра алады. Биыл 60 мыңнан астам ұстаз сынаққа қатысуға өтініш берген. Бұл жылдағыдан 44 мың адамға көп. Айта кетерлігі, мұғалімдердің бұған дейінгі санаттары сақталады. Ал, қосылатын ақы бұрынғы бірінші, екінші санатқа төленетін ақшадан әлдеқайда жоғары.

Асхат Аймағамбетов, ҚР Білім және ғылым вице-министрі:

- Қазіргі жаңа жүйе бойынша енгізіліп отырған категорияларға сәйкес, көрсеткіш бірнеше рет көбейді деп айта аламыз. Қазір бұл 5 мың, 8 мың, 17 мың емес, ол жалақының 30 пайызы, 35 пайызы, 40 пайызы, 50 пайызы.

 

Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ

«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу