«Жас ұлан» мектебінің тәрбиеленушілері арасында шығармашылық байқау өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Жас ұлан» мектебінің тәрбиеленушілері арасында шығармашылық байқау өтті

27.04.2018

«Туған жер – тұнған шежіре». Осындай атпен «Жас Ұлан» мектебінің тәрбиеленушілері арасында шығармашылық байқау өтті. Сайысқа қатысқан 16 команда эссе, мақала, сурет салу, актерлік шеберлік пен мәнерлеп оқудан жарысты. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған шараның мақсаты – «жас ұландықтардың» шығармашылығын қолдап, оның дамуына үлес қосу. Байқау жеңімпаздары «Нұр Отан» партиясы тағайындаған бағалы сыйлықтарға ие болды.

Сырым Әділбайұлы, «Жас ұлан» республикалық мектебінің тәрбиеленушісі:

- Ұландар көп болғанмен, олардың көбісі сахнаға шықпайды. Сахнаға шығып, туған елім, туған жерім дегенде өзінің ыстық сезімі, ыстық махаббаты болу керек. Соны ол елге қалай көрсетеді? Сурет салу арқылы көрсете ме немесе ән айту, өлең шығару арқылы көрсете ме? Басты мақсаты – ұландардың талантын арттыру.

 

«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу