Астана жастары «АЛЖИР» мемориалды музейіне саяхат жасады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астана жастары «АЛЖИР» мемориалды музейіне саяхат жасады

29.05.2015
Астана жастары «АЛЖИР» мемориалды музейіне саяхат жасады

Астана жастары «АЛЖИР» саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының мемориалды музейіне арнайы саяхат жасады.

Шараны ұйымдастырушы - «Жас Отан» жастар қанатының Астана қалалық филиалы.

Мыңдаған жазықсыз жанның жасы мен қаны төгілген, тарихымыздың шерлі беттерінің бірі болып қалған музейге бас сұғудағы мақсат -  кейінгі ұрпақты өткенімен таныстыру.

Шараға жоғары және орта оқу орындарының студенттері мен «Жас Ұлан» республикалық мектебінің тәрбиеленушілері қатысты.

 

Дәулетхан МҰРАТҰЛЫ 

Хабарламаларға жазылу