Павлодар облысында балықшылар сынға түсті

10.10.2014
Павлодар облысында балықшылар сынға түсті

Павлодар облысының Май ауданында балықшылар арасында балық аулаудан «Күз - 2014» спорттық жарысы өтті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

  Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған аталмыш шара Май ауданының құрылуына 75 жыл толуына арналды. Ертіс өзенінің жағасына жиналған 10-нан астам балық аулаушыға Майтүбек ауылының әкімі А. Темірғалинов сәттілік тіледі. Ережеге сәйкес екі сағаттан кейін байқау қорытындысы жарияланды. Үшінші орынды Майтүбек орта мектебінің алғашқы әскери дайындық пәнінің ұстазы Шалқар Байбеков, екінші орынды Саят Жақыпов және бірінші орынды көп жылдық тәжірибесі бар Рымғали Кәкенов иеленді. Сонымен қатар тәжірибелі балықшы Ярулин Рафик – «Бірінші балық», Майтүбек орта мектебінің 9 сынып оқушысы Елдос Хасанов - «Жас балықшы» және 56 жасар Жанат Шәкіров – «Ардагер балықшы» аталымдары бойынша марапатталды. Барлық қатысушыларға құрмет грамоталары мен естелік сыйлықтар табыс етілді. Турнирге жергілікті кәсіпкерлер демеушілік етті.

Хабарламаларға жазылу