I елордалық әскери-патриоттық форум өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

I елордалық әскери-патриоттық форум өтті

25.02.2014
I елордалық әскери-патриоттық форум өтті
 
«Міндет, Ерлік, Абырой». Осындай атаумен бүгін Астанада I елордалық әскери -патриоттық форум өтті. Жиынға 3000-ға жуық астаналық студент қатысты.
 
Дені - әскери патриоттық клубтардың өкілдері мен «Жас ұлан» республикалық мектебінің тәрбиеленушілері. Форумның мақсаты - жастар арасында ұлттық, рухани құндылықтарды тәрбиелеу мен олардың Отанға, елге, жерге деген патриоттық сезімін арттыру.
 
Сондай-ақ, басқосу барысында республикалық «Ұланның» Президенттік үрмелі аспаптар оркестрі мен Қазақстан Республикасының ІІМ Ішкі әскер комитеті оркестрі қатысушыларға өз өнерлерін көрсетті. Ал, болашақ отан қорғаушылар үшін арнайы көрме ұйымдастырылды. Онда әскери киім үлгілері мен қару-жарақтар қойылды.
 
Тимур Сыпатаев, Астана қаласы Қорғаныс істер жөніндегі аймақтық қорғаныс бөлімінің бастығы:
Ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен ата-бабаларымыз бізге осыншама жерді қалдырған. Біз енді жастарды рухани байлықта тәрбиелеп, осындай шара жүргізіп отырмыз.
 
 
Айдана ҮСЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу