Басты Жаңалықтар Қазақстан мен Францияның білім беру саласында «Абай-Верн» бағдарламасы бекіді

Қазақстан мен Францияның білім беру саласында «Абай-Верн» бағдарламасы бекіді

Еліміздің Білім және ғылым министрі Францияның өкілетті елшісі Филипп Мартинэмен кездесіп, «Абай-Верн» бағдарламасын жүзеге асыру туралы құжатқа қол қойды. Меморандумның мақсаты - білікті маман дайындау. Бағдарлама аясында 90 магистрант пен 10 докторант Францияда білім алуға мүмкіндігі бар. Тегін біліммен қатар, әр магистрантқа 800, ал, докторантқа 1200 еуро стипендия тағайындалады. 

Ерлан Сағадиев, ҚР Білім және ғылым министрі:

- Өте қуаныштымыз. Әрине, қол қойған құжат екі жақты достықты жаңа деңгейге көтереді деп есептейміз.       

Елдос САПАРҒАЛИ

Бөлісу