Шығыс Қазақстан облысында білім беру саласын жемқорлық жайлаған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыс Қазақстан облысында білім беру саласын жемқорлық жайлаған

19.04.2018

2014 жылы 4 маман пара алғаны үшін айыпталса, былтыр 7 қызметкер жеморлықпен тұтылған. Мысалы, Теректі ауылы балабақшасының есепшісі 4 жылда 11 миллион теңгені жымқырған. Мемлекет бюджетіне 20 миллион теңге көлемінде шығын келтірілген. Жалпы, соңғы үш жылда өңірдің білім саласында  жүзден астам заңбұзушылық тіркелген. Мемлекет қаржысын талан-таражға салған 15 мектеп директоры мен меңгерушілер, 11 есепші және 75 мұғалім анықталды. 

Жанна Қабдолдақызы, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша департаменті басшысы:

- Республикамен салыстырғанда бізде төмендеу динамикасы жоқ. Әдеп жөніндегі кеңестің қарауына шығарған себеп сол. Өйткені, біздің алдымызда тұрған мақсат – ең бірінші жемқорлық фактілерінің алдын алу.

 

Айдана ДАЙЫРОВА

Хабарламаларға жазылу