Шығармалар байқауы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығармалар байқауы өтті

09.08.2017

«Мен және 2025 жылдағы менің Қазақстаным». Осындай тақырыптағы республикалық байқаудың жеңімпаздары анықталды. Сайысқа еліміздің барлық өңірінен 100 оқушы қатысқан. Оның ішінен 27-сінің эссесі іріктеліп алынып, үздік деп танылды. Бүгін оларды Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов жүлделерімен құттықтап, жүлделі орын алған жасөспірімдерге «ЭКСПО-2017» көрмесіне және Дю Солей циркінің көрмесіне билеттер сыйлады. «ЭКСПО» демекші, байқау жеңімпаздарының көбі бұл шара Қазақстанның болашағына оң әсерін тигізетініне сенімді.

 

Альбина ӘШІМ

Хабарламаларға жазылу