Намазалы Омашевтың таңдамалы шығармалар жинағы жарық көрді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Намазалы Омашевтың таңдамалы шығармалар жинағы жарық көрді

21.01.2021

Бүгін елордада журналистика теоретигі, қазақ журналистика ғылымының негізін қалаушы Намазалы Омашевтың үш томдық таңдамалы шығармалар жинағының тұсаукесері өтті. Жинаққа ғалымның жарты ғасырға жуық шығармашылық ізденісіндегі құнды зерттеулері мен өзекті көсем сөздері енген. Үш томдық туынды «Азия арна» баспасынан 2 мыңға жуық данамен жарық көрген. Мектептер мен жоғары оқу орындарының кітапханаларына тегін таратылады.

Тұсаукесерге халық қалаулылары, ғалымдар мен зерттеушілер, журналистика майталмандары қатысып, аталған шығармалар жинағын қазақ журналистика ғылымының зор табысы деп бағалады. Сондай-ақ, Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті Намазалы Омашевқа «Құрметті профессор» атағын берді.

Намазалы Омашев, филология ғылымдарының докторы, профессор:
Жалпы саны 40-тан аса кітап шығарыппын. Мына 70 жасқа келгеннен кейін ойланып, әр кезеңдерде, әртүрлі жанрларда жазылған дүниелер бар ғой, соның ішінен өзінің актуальдығын жоғалтпаған, мазмұнын төмендетпеген, кезінде оқырмандар жылы қабылдаған дүниелерді іріктеп алып, соны 3 томдық етіп, шығармалар жинағын шығардым. 

Ақниет Балтанова

Хабарламаларға жазылу