«Алтын тұғыр» әдеби жинағының тұсаукесері өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Алтын тұғыр» әдеби жинағының тұсаукесері өтті

11.10.2023

Астанада ауылдың өмір салтын дәріптеп, ондағы әлеуметтік, рухани мәселелер топтастырылған көркем шығармалар жинағының тұсаукесері өтті. Үш томнан тұратын «Алтын тұғыр» кітабы 2016 жылдан бері басылып келеді. Жинаққа «Ауылым – алтын тұғырым» әдеби онлайн конкурсына қатысқан шығармалар енгізілген. 15 томға жеткен әдеби жинақ, «Ауыл» партиясының аймақтардағы филиалдары арқылы еліміздің түкпір-түкпіріндегі кітапханаларға таратылған. Тұсаукесер салтанаты барысында «Ауыл» партиясы мен Қазақстан Жазушылар Одағы арасында әріптестік туралы Меморандумға қол қойды. Тараптар ауылдық елді-мекендердегі қаламгерлер шығармашылығын қолдау бағытында бірлескен іс-шаралар атқаруды қолға алмақ.

Қуаныш Сейтжанов , «Ауыл» ХДП партиясының хатшысы:

Биыл сол тағы да «Ауылым – алтын тұғырым» кітабының таныстырылымынан кейін біз келесі жылғы 2023-24 жылғы мерзімге бастама береміз деп отырмыз. Әдебиет порталымен жұмыс істейміз, әріптестіктеміз. Онлайн үлгіде сол порталға электронды түрде жіберіледі онлайн түрде жіберіледі шығармалар барлығы. Және тағайындалған әділ-қазы алқасы бар.

Асылбек Данияр


Хабарламаларға жазылу