Биыл жаңа форматта өткен Ұлттық бірыңғай тестілеуге 88 583 түлек қатысты. Тестке қатысушылардың 80%-ға жуығы қазақ тілінде тапсыруға өтініш берген. Тестілеу еліміз бойынша 165 пунктте маусымның 20-27-сі аралығында өтті.
Сынақ кезінде айтарлықтай заңбұзушылықтар тіркелмеген. Тек ережеден тыс тыйым салынған заттарды қолданғаны үшін 12 адам аудиториядан шығарылған. Сондай-ақ, тексеріс кезінде 43 мыңнан астам электронды құрылғылар яғни, ұялы телефондар, роутерлер, модемдер және 42 мыңнан астам шпаргалка мен оқулықтар алынған.
Биыл тесттегі 140 тапсырманы түгелдей ешкім орындай алмады. Тек, бір мектеп бітіруші 139 ұпай алса, жалпы 120 мен 139 аралығындағы жоғары балды 5 064 адам қанжығалаған.
Шектік деңгейден өте алмағандар саны - 14 066.
Армангүл ТОҚТАМҰРАТ