Колледж жанындағы жылыжай өнім бере бастады
Жамбыл облысының Құлан ауылындағы ауыл шаруашылығы мамандарын дайындайтын колледж жанынан арнайы жылыжай ашылып алғашқы өнімін бере бастады. Оның құрылысына қазынадан 4 миллион теңгедей қаржы жұмсалды.
Білім ордасында мұндай тәжірибе алаңының болуы болашақ аграном мамандардың өз кәсібін жетік меңгеріп шығуына сеп болмақшы.
Әйгерім - болашақ агроном. Қазір колледждің үшінші курсында оқиды. Талапты жас өз мамандығының қыр сырын қазірден бастап терең зерделеп, көкейге тоқып жүр.
Жылыжайға қиярдың тұқымын егіп, оны күтіп-баптауды бірге оқитын қатар құрбыларымен атқарды. Осыдан үш ай бұрын егілген қиярдың қазір желегі жайқалып, пісіп тұр.
Әйгерім Болатханова, студент:
Жаңа технологиялардың, тамшылатып суарудың пайдасы қандай екенін, қандай процестер қолданған жағдайда жақсы өнім алуға болатынын үйреніп жатырмыз.
Колледждің агрономия факультетінде 25 бала білім алады. Бүгінгі талапқа сай оқу бағдарламасына да едәуір өзгеріс енгізіліп отыр.
Серік Сәтімбеков, агрономия пәндері бойынша оқытушы:
Жаңа оқу жылынан бастап теорияны азайтып, көбірек тәжірибеге назарын соған аударамыз.
Жамбыл жерінде бүгінде кәсіптік білім беретін 51 білім ордасы бар. Оның 27-і мемлекет меншігінде. Шәкірттерге терең әрі тиянақты кәсіптік бағдар беру мақсатында олардың өндірісте тәжірибе жинақтауына барынша жағдай жасалып отыр.
Ерік Есімханов, облыстық Білім басқармасының бөлім басшысы
11 колледжде 19 мамандық бойынша кәсіпорындармен 123 келісімшарт жасалған.
Өндіріс пен аграрлық сала өркендеген сайын арнайы кәсіп иелеріне сұраныс артып отыр. Осыған орай соңғы екі жылда техникалық және кәсіптік білім беру орындарына берілетін мемлекеттік білім тапсырысы 501-ге артты.
Ғани ҚАЛМАХАНОВ
Автор
Ғани Қалмахан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жанкүйерлер фестиваліндегі футбол мерекесі
22.06.2026, 17:35
Ауыр атлетикадан ел біріншілігі Қармақшыда өтіп жатыр
22.06.2026, 17:33
Оралдықтар «50 жаңа аула» шарасын жалғастырды
22.06.2026, 17:30
Ел жаңалықтарына қысқаша шолу
22.06.2026, 17:25
Алматыда Нобель сыйлығының иегерімен кездесу болды
22.06.2026, 17:22
Барлық өңірде «Әdilet» партиясының филиалы құрылады
22.06.2026, 17:20
Алматы облысында өрт сөндіру бөлімі ашылды
22.06.2026, 17:17
Автожолдар бойына 250 сервис кешені салынады
22.06.2026, 17:15