Біліктілікті арттыру курсы аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Біліктілікті арттыру курсы аяқталды

12.04.2014
Біліктілікті арттыру курсы аяқталды
Назарбаев зияткерлік мектебінде білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттырукурстары аяқталды. «Орта білім мазмұнын жаңартудағы әлемдік үрдістер» тақырыбында өткен шара 31 наурызында басталып, сәуір айының 11-іне дейін жалғасты. Бағдарлама шеңберінде тыңдаушылар білім беру жүйесіндегі әлемнің озық үлгілері мен шет елдердің білім саласындағы жаңа тенденцияларымен танысты. Айта кетейік, шараны өткізуге Кембридж халықаралық емтихандар кеңесі мен Лондонның білім институты, сондай-ақ, Эстонияның Білім министрлігі де ат салысты.
 
Айдана ҮСЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу