Павлодарда жұмыссыздарға тегін курстар ұйымдастырылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда жұмыссыздарға тегін курстар ұйымдастырылады

26.09.2014
Павлодарда жұмыссыздарға тегін курстар ұйымдастырылады

Павлодар қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жұмыссыз азаматтарды даярлау, қайта даярлау және біліктіліктерін арттыру үшін тегін курстарға шақырады.

Қысқа мерзімде кәсіп игеруді мақсат еткендер сылақшы-бояушы, электр құрылымдарын жөндеу, ағаш ұстасы, азық-түлік тауарларын сатушы, мектепке дейінгі тәрбиеші (біліктілікті арттыру), жүргізуші және медбике (біліктілікті арттыру) мамандықтары бойынша білім ала алады.

Оқу бітіргеннен кейін курсты аяқтағаны туралы мемлекеттік үлгідегі куәлік тапсырылады.

Сондай-ақ, жол, тамақтану, медициналық тексеруден өту шығындарының орны толтырылады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz

Хабарламаларға жазылу