ЖОО ректорларына сертификаттар тапсырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ЖОО ректорларына сертификаттар тапсырылды

16.07.2014
ЖОО ректорларына сертификаттар тапсырылды

Еліміздегі жоғары оқу орындарының 55 жетекшісі біліктілігін арттырды.

«Назарбаев университеті  жоғары білім беру мектебі мен британдық жоғары білім берудегі көшбасшылық қоры бірлесіп әзірлеген біліктілікті арттыру курстарының пайдасы орасан», дейді мамандар. 

Бағдарламаның мақсаты - жоғары оқу орындарын басқарудың жаңа үлгісіне көшіп, жұмыстың тиімділігін арттыру. 

Үш жылға бағдарланған жоба аясында  жоғары оқу орындарының түрлі деңгейдегі  300 әкімшілік құрамы біліктілігін арттырады, деп жоспарлануда.

Аслан Сәрінжіпов, ҚР Білім және ғылым министрі:

Курс барысында стратегиялық жоспарлау мен ұжымдық басқару, сыртқы институционалдық және тұлғалық қабілеттерге баса назар аударылды. Ол ең алдымен университетке қажетті өзгерістерді сәтті жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Біліктілікті арттыру төрт апталық курсының бір модулі Сингапур ұлттық университеті мен Калифорния Беркли университетінде өткізілді.

Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу