Халықаралық Жәутіков олимпиадасы басталды
Алматыда математика, физика және информатика пәндерінен X халықаралық Жәутіков олимпиадасының ашылуы өтті. Бұл жарыста жақын және алыс шетелдердің мамандандырылған үздік мектептері мен мықты командаларының жекелеген рейтингтері шығады.
Биылғы олимпиадаға әлемнің 17 елінен 57 команда қатысуда. Халықаралық қазылар құрамында 8 елдің ғалымдары отырады. Олимпиадаға қатысушылардың қатары да жыл сайын көбейіп келеді.
Биылғы жарыста 390-ға тарта қатысушы 5 күн бойы бәйгеге түсіп, 18-қаңтарда жүйріктер анықталады. Ал, жеңімпаздар Назарбаев университетінің грантына ие болмақ. Ең бастысы - бұл олимпиаданың арқасында бәсекеге бейім жастарды іріктейміз, - дейді ұйымдастырушылар.
Есенғазы Иманғалиев, ҚР Білім және ғылым вице-министрі:
ТМД елдерінде халықаралық деңгейдегі осындай олимпиада өткізіліп жатқан жоқ. Біздің оқушылар білімдерін халықаралық деңгейде көрсетіп жатыр.
Нұрислам Тұрсынбек, олимпиадаға қатысушы:
Мен физика пәнінен қатысып отырмын. Бұл олимпиаданың берері көп. Бұл дүниежүзілік олимпиадаға әр елден келіп жатыр. Бұл Қазақстандағы дарынды балалар келешегіне деген үлкен бастапқы жол деп ойлаймын.
Тоғжан ЖАЛҒАСБЕКҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары-2026»: Қатысушылардың алды Елордаға келді
25.07.2026, 20:07
Мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетілетін көмектің аясы кеңейіп келеді
25.07.2026, 20:06
Жұқпалы аурулардың 21 түріне қарсы вакцина егіледі
25.07.2026, 20:05
Маңғыстаудың жартасты мешіттері ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілді
25.07.2026, 20:05
Халық пікірі: Ата Заң – әділетті қоғам негізі
25.07.2026, 20:05
Саяси дода қыза түсті
25.07.2026, 20:04
Қазақстан мен Ресейдің көлік-логистикалық ынтымақтастығы стратегиялық сипатқа ие
25.07.2026, 20:04
Қазақстан – Ресей өңіраралық форумы
25.07.2026, 20:03