Айбек Нұғымаров «Әскер барысының» күміс жүлдегері Олжас Шынкеевті айқын басымдықпен ұтты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Айбек Нұғымаров «Әскер барысының» күміс жүлдегері Олжас Шынкеевті айқын басымдықпен ұтты

02.07.2017

«Әскер барысының» күміс жүлдегері, қарағандылық Олжас Шынкеев  2013 жылғы «Қазақстан барысы», Шығыс Қазақстан облысының палуаны Айбек Нұғымаровпен шықты. Айбек Нұғымаров турнирдің 2011 жылдан бергі қатысушысы. «Шығыс барысының» бапкері - Серік Қоржыкенов.

Олжас Шынкеев «Қазақстан барысына» алғаш рет 2013 жылы қатысқан. Қазақ күресінен ҚР спорт шебері, жастар арасындағы ҚР чемпионы (2010). Бапкері: Ерлан Естек.

Белдесуде бір жартылай жеңіс және екі бүк ұпайымен Айбек Нұғымаров жеңіске жетті. Келесі айналымда ол Абылайхан Қасымханмен жолығады.

Естеріңізге саламыз, турнирді «Қазақстан» мен «Kazsport» арналары тікелей эфирде көрсетуде. Сондай-ақ, kaztrk.kz және kazsportvv.kz cайттарынан онлайн көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу