Ұлан Рысқұл финалда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлан Рысқұл финалда

02.07.2017

Бұл кезеңде «Қазақстан Барысының» әр жылдардағы жеңімпаздары «Жетісу қыраны» - Ұлан Рысқұл (2011) мен «Шығыс барысы» - Айбек Нұғымаров (2013) финалдың жолдамасын сарапқа салды.

Бұған дейін Айбек Нұғымаров қарағандылық Ержан Шынкеевті ұтса, Ұлан Рысқұл туған інісі Руслан Әбдіразақовтан басым түскен еді.

Екі палуан да бүк ұпаймен тең келе жатып, Ұлан Рысқұл қарсыласына қарсы әдіс қолдану арқылы алға озды.

Ал соңғы секундтарда «Жетісу қыраны» Ержан Шынкеевті жамбасқа лақтырып, финалға шықты.

Айта кетейік, турнирді «Қазақстан» мен «Kazsport» арналары тікелей эфирде көрсетті. 

Хабарламаларға жазылу