Айбек Нұғымаров моңғолиялық Серік Бердімұратты жеңіп, финалға шықты (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Айбек Нұғымаров моңғолиялық Серік Бердімұратты жеңіп, финалға шықты (ВИДЕО)

08.09.2017

Жартылай финалда қазақстандық Айбек Нұғымаров моңғолиялық Серік Бердімұратпен белдесті.

Айбек Нұғымаров 2014 жылғы «Әлем барысы» турнирінің күміс жүлдегері. 2013 жылғы «Қазақстан барысының» жеңімпазы және 2012 жылғы қола жүлдегері.

Қарсыласы Серік Бердімұрат «Моңғолия лашыны -2017»  иегері. Аталмыш белдесуде қазақстандық балуан басым түсіп, финалға шықты.

Естеріңізге саламыз, жарысты «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары тікелей эфирден көрсетуде.

Хабарламаларға жазылу